Балапан

Әмиян

Қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған отбасылық реалити-шоу.

Әмиян

О проекте

Әмиян - қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған отбасылық реалити-шоу.
Шоуға үш отбасы іріктеліп алынады. Әр отбасдан бір жасөспірім (12-14 жастағы) бағдарлама қатысушысы атанады.
Әр қатысушыға 200 мың теңге көлемінде отбасылық қаржы беріледі. Қатысушы сол қаржыны отбасының қажеттілігін өтеп, күнделікті сауда-саттыққа жұмсауы тиіс. Бір ай көлемінде жасөспірім отбасының асыраушысы болады. Қатысушы берілген қаржыны тиімді жұмсап, үнемдей білу керек.
Әр бағдарламада қатысушыларға тапсырма беріледі (азық-түлік сатып алу, іні-қарындастарын қыдырту, қосымша білімге ақша жұмсау). Қатысушы тапсырманы орындайды. Ал оның іс-әрекетін кәсіби мамандар, яғни қаржылық кеңесші, экономист, кәсіпкерлер бақылап, ақыл-кеңесін айтып, бағыт-бағдар көрсетеді. Бағдарлама соңында қатысушы маманның кеңестерін тыңдап, қорытынды жасауы тиіс. Келесі тапсырманы орындау барысында қатысушы мұндай қателікке бой алдырмау керек. Бағдарлама барысында қатысушы сауда-саттықты қалай жасағанын, неден қорқып, нені үйренгенін түгел айтып отыруы тиіс. Ата-ана да баласының қаржыны қалай жұмсағанын бақылап, өз тарапынан пікір білдіреді. Бағдарлама соңында әр қатысушының қанша қаржысы қалғаны, оның қанша ақша жұмсағаны түгел есептеліп, қорытынды жасалады.
Бағдарламаның мақсаты – отбасы мүшелерінің қаржылық сауаттылығын арттырып, балаға ақшаны дұрыс әрі тиімді жұмсау тәсілдерін үйрету. Сондай-ақ, қаржыға жауапты болу, оны жұмсаудың, үнемдеудің негізгі қағидаларын үйрету. Осылайша, көрермендерге қаржылық сауаттылық жөнінде құнды ақпараттар ұсыну. Бағдарламаның әр санында қаржылық сауаттылыққа қатысты деректер мен кеңестер айтылады.

Ведущие

Ерлан Кәрібай

Генеральный продюсер

Серик Акишев

Исполнительный продюсер

Ақбөпе Толымбекқызы

Шеф-редактор

Роза Рақыжан

Почта

smm@telemasters.kz

Телефоны

+ 7 (727) 266 86 80
+ 7 (707) 920 25 18

Группы

Хештеги

#amiyan #амиян

Промо