Qazaqstan

KIM BILGIR?

Интеллектуалды ойын-сауықтық бағдарламасы.

KIM BILGIR?

О проекте

KIM BILGIR? - «Qazaqstan» ұлттық арнасынан сейсенбі-жұма күндері сағат 17:50-де көрсетілетін телевикторина. Алғашқы шығарылымы 5 наурызда көрерменге жол тартты. Бағдарламаның хрометражы 40 минут.
Бағдарлама барысында ойыншылар мақал-мәтелдер мен жұмбақтар, танымал тұлғаларды анықтауы керек. Әр тапсырма сурет арқылы беріледі. Шоу қызықты әрі көңілді өтеді. Бағдарламаға қазақстандық шоу-бизнес өкілдері қатысады. Жүргізуші ойынды әзіл-қалжыңмен, қызықты деректермен толықтырып отырады.
Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топта екі адам бар. Екі топ 5 кезең бойынша білімін сынап көреді. Бірінші кезеңде ойыншылар суреттерге қарап, мақал-мәтелдерді табу керек. Тетікті бірінші болып басқан топ жауап беру құқығына ие. Әр дұрыс жауап үшін бес ұпай беріледі. Бұл кезеңде бес тапсырма беріледі. Екінші кезеңде ойыншылар экранда көрсетілген суреттерге қарап, жұмбақты құрастырып, жауабын айтуы керек. Бұл кезеңде 3 тапсырма беріледі, әр дұрыс жауап 10 ұпайға тең. Үшінші кзеңде ойыншылар суреттерге қарап, әннің сөзін немесе атын, орындаушысын атауы керек. Бес тапсырма беріледі, әр дұрыс жауап үшін топқа бес ұпай беріледі. Төртінші кезеңде ойыншылар екі суретке қарап, оларды байланыстыратын ортақ затты табу керек. Әр дұрыс жауапқа бес ұпай беріледі. Бесінші кезеңде ойыншылардың бірі ледке теріс қарап тұрады, екіншісі экранда көрсетілген тұлға жайлы мағлұмат береді. Сол мағлұмат арқылы бірінші ойыншы экранда көрсетілген тұлғаны табу керек. Топ бір минутта 10 тұлғанын аты-жөнін айтуы қажет. Бұл кезеңде әр дұрыс жауапқа екі ұпай беріледі. Ойын нәтижесінде көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді. Екі топқа да сыйлық ретінде мүсін беріледі.
Бағдарламаның мақсаты – қызықты сұрақтар арқылы көрерменнің ойлау қабілетін арттырып, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар жайлы мол мағлұмат беру, сонымен қатар көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.

Ведущий

Рахман Омар

Генеральный продюсер

Серик Акишев

Исполнительный продюсер

Әйгерім Досым

Шеф-редактор

Шынболат Пазыл

Почта

kimbilgir.tv@gmail.com

Телефоны

+ 7 (727) 266 86 80
+ 7 (777) 033 01 51

Группы

Хештег

#кімбілгір

Промо