Хабар

Миллион кімге бұйырады?

Америкалық «Sony Pictures Television» компаниясының франшизасы. Интеллектуалды жоба әлемнің 160 мемлекетінде көрсетіліп келеді.

Миллион кімге бұйырады?

О проекте

«Миллион кімге бұйырады?» - америкалық «Sony Pictures Television» компаниясының франшизасы. Интеллектуалды жоба әлемнің 160 мемлекетінде көрсетіліп келеді. Бағдарламаның орыс тілді нұсқасы алғаш рет 2001 жылы 19 мамырда эфирге шықты. Сол сәттен бастап «Миллион кімге бұйырады?» көптің көңілінен шыққан ойынға айналды. Араға 3 жыл салып, интеллектуалдық шоу қазақ және орыс тілінде «Хабар» арнасынан көрсетілді. Сол кезде бағдарламаның орыс тіліндегі нұсқасын Серік Акишев, ал қазақтілді нұсқасын Ескендір Сергебаев жүргізген. 5 жыл ішінде екі ойыншы бас жүлде 5 миллион теңгені ұтқан. Бірі – Сәуле Ахметова болса, екіншісі – Ирина Стальная. 2018 жылы «Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасының жүлде қоры екі еселеніп, отандық теленарыққа қайта оралды. Яғни студияда 15 сұраққа мүдірмей жауап берген ойыншы 10 миллион теңгенің иесі атанады. Ал бағдарламаны танымал жүргізуші, журналист Досымбек Өтеғалиев жүргізеді. Бағдарламаға он ойыншы қатысады. Оларға іріктеу кезеңінің сұрағы қойылады. Алдарында тұрған планшет арқылы дұрыс жауабын жылдам басып, тапқан ойыншы, ортаға ойынға шығады. Әр ойыншыға үш жеңілдік беріледі. «50 де 50» - компьютер жауаптың екі қате нұсқасын алып тастайды; «Досқа қоңырау шалу» - ойыншы досына қоңырау шалып, 30 секундтың ішінде ақылдаса алады; «Көрермен көмегі» - залдағы әр көрермен өзі дұрыс деп есептеген нұсқаны белгілейді, ойыншыға дауыс беру статистикасы көрсетіледі. «Миллион кімге бұйырады» бағдарламасы 15 қыркүйктентен бастап, әр сенбі сайын сағат 20:15-те «Хабар» арнасынан көрсетіледі.

Ведущий

Досымбек Өтеғалиев

Генеральный продюсер

Серик Акишев

Исполнительный продюсер

Әйгерім Досым

Шеф-редактор

Шынболат Пазыл

Почта

milliontv.kz@gmail.com

Телефоны

+ 7 (727) 266 86 80
+ 7 (747) 606 35 82

Группы

Хештег

#миллионкімгебұйырады

Промо