НТК

Шулама

Шулама - тыныштықты қалайтын, ұқыптылықты сүйетін, ептілікті талап ететін бағдарлама.

Шулама

О проекте

Шулама - бұрын-соңды елімізде болмаған жоба. «Шулама» шоуы – тыныштықты қалайтын, ұқыптылықты сүйетін, ептілікті талап ететін бағдарлама.Шулама ойынына 3 қатысушыдан құралған (туған-туыс, құрбы-құрдас, немесе әріптестер) 2 топ қатысады. Қатысушылар барлық айналымдардан барынша шуламай өтулері керек және алдарына қойылған шарттарды сүрінбей орындаулары тиіс. Кейіпкерлер алуан түрлі тапсырманы студияның Дыбыс-өлшеуіш құралы қосылып кетпейтіндей етіп орындауы тиіс. Қатысушының жеңілгенін жоғары деңгейлі сезімтал дыбыс өлшеуіш құралы дабыл қағу арқылы айқындайды.Ойынның шарты — алуан түрлі тапсырмаларды белгілі бір уақыттың ішінде орындап шығу. Бірде ол оп-оңай тапсырма болуы мүмкін. Мысалы: қытырлақ картоптың қорабын шусыз ашу. Бірде одан да қиынырақ болмақ. Мысалы: сықырлаған ескі баспалдақты шу шығармай басып өту. Ойын соңында Джекпот айналымынан мінсіз, яғни шусыз өткен адам, үлкен көлемді ақшаға ие болып, жүлдегер атанады.

Ведущий

Нұржан Еркінұлы

Генеральный продюсер

Серик Акишев

Исполнительный продюсер

Елдар Серікбай

Почта

smm@telemasters.kz

Телефоны

+ 7 (727) 266 86 80
+ 7 (707) 920 25 18

Группы

Хештег

#shulama

Промо